Үкімет басшысы Олжас Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөздері аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру жайы талқыланды. Бүгінде көрші ел инвесторларының қатысуымен жалпы құны 66,4 млрд доллар болатын 224 индустриялық жоба іске асырылуда. Әрі Қытай ел экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді. Премьер-министр Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жұмысты жандандыру қажеттігін баса айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Осы аптаның басында Қытайдың басшысы Си Цзиньпин мырзаның біздің елімізге сапары өте сәтті өтті. Біздің Президентіміздің арқасында Қытаймен қарым-қатынасымыз қазір өте жақсы. Саяси диалог қарқынды дамып келе жатыр. Біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазір экономикалық бағытта тездетіп белсенді жұмыс жасауымыз керек.