Заңсыз шығарылған активтерді қайтару ісі жалғасып жатыр

  • 669
  • 24.06.2025, 18:33

Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару ісі жалғасып жатыр. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында жүргізілуде. 2022 жылдан бері мемлекетке 1 триллион теңгеден астам актив қайтарылған. Оның басым бөлігі шетелден келді. 

Нақты айтқанда, сырттан оралған активтер сомасы 670,5 миллион АҚШ доллар болды. Қаржы негізінен Австрия, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркиядан қайтарылған. Осы тәркіленген барлық қаржыға мектеп, балабақша, жатақхана, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар салынады. Биылдың өзінде 28 білім ұясының құрылысы жүргізілмек.

Қылмыстық жолмен алынған қаражат пен мүлікті іздеу жұмыстары ел ішінде де, шетелде де жүріп жатыр.