2035 жылға дейін зиянды шығарындылар 300 мың тоннаға азаяды

  • 28
  • 25.06.2025, 18:43

2035 жылға қарай атмосфераға таралатын зиянды шығарынды 300 мың тоннаға қысқарады.

Отандық өнеркәсіп ошақтарын жаңа технологияға көшірудегі басты мақсат осы. Бұл туралы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысында айтылды.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында кәсіпорындарда озық әрі қолжетімді құрал-жабдық енгізу және орнықты даму туралы есептілік бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізу барысы қаралды. Премьер-министр Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін Үкімет тиісті бақылаудың күшейтілетінін жеткізді.