Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының басшысы Дай Даогомен кездесті. Тараптар жасыл энергетиканы дамытып, қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін талқылады. Бұл компания – Қытайдың жасыл технология саласындағы көшбасшылардың бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды. Үкімет басшысы Қазақстан «жасыл» трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастыратынын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды кеңейту ынталы екенін атап өтті.