50 жаңа жұмыс орны ашылды. Көліктер «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасы аясында 3 процентпен 7 жылға несиеге сатып алынған. Бұл кәсіпорын тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және өңдеумен айналысады. Жаңа техника заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мәселен, оның қоқыс жинайтын бөлігі толық жабылады. Қалдық төгілмейді. Иісі шықпайды.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Экологиялық жағдайды жақсарту мәселесінің бірден бір бөлігі десек болады. Бұл қалдықтарды жүйелі түрде басқару. Сол бүгінгі күнде тәртіптің өзінен қалада 230 дана техника жасайды екен. 70 пайыз қалдық осы компаниямен жиналады екен.