Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестиция 18 есе өсті

  • 46
  • 04.07.2025, 18:42

Былтыр елге Қатардан тікелей тартылған инвестиция көлемі 156 млн доллардан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 18 есе көп.

Астанада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комитеттің жетінші отырысында алдағы мақсат-міндет талқыланды. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды стратегиялық бағыт ретінде қарастырып отыр. Тараптар теңіздегі порт инфрақұрылымын жаңғыртып, жүк терминалдарын салумен қоса, Орта дәлізді бірлесе дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ екі ел өкілдері халал әрі органикалық өнім жеткізу бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Арман Қасенов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Телекоммуникация, көлік инфрақұрылымы мен қаржы секторында да маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалардың барлығы елдің ЖІӨ, өнімділік деңгейін және экспорттық әлеуетін арттырып, дамуға өз үлесін қосады.