«Qazaq Jylu» көк отынды тасымалдау сметасына үстемеақы қосуға өтінім берген. Осыған орай Астана қаласының әкімдігінде қоғамдық тыңдау өтті.
Монополист өз кезегінде тарифтің өзгеруіне Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 шілдеден бастап газдың көтерме саудадағы шекті бағасының өсуі негіз болғанын жеткізді. Сондай-ақ тарифтік сметаны өзгерту жобасында газ коммуникацияларын салуға, төлем қоры мен көлікке арналған шығыстардың ұлғаюы байқалады. «Qazaq Jylu» жаңа тариф тек кәсіпкерлерге ғана әсер етеді, ал халық үшін баға қалыпты болатынын баяндады.
Жәнібек Мұхамбетәлі, «Qazaq Jylu» ЖШС бас директоры:
- Біз заңды тұлғалар есебінен халық үшін тарифтерді ұстап қалудың орнын толтырудың жолын таптық. Заңды тұлғалар үшін 98 теңге. Олар қазір дизель үшін 30 теңге төлейді. Жалпы бұл көңілге қонымсыз. Ең дұрысы – құбыр байланысы.