Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жіберіп, 2025-ші жылдың 1-ші тамызынан бастап қазақстандық тауарларға 25 процент мөлшерінде тариф салынатынын хабарлады.
«Сізге осы хатты жолдау мен үшін үлкен абырой, өйткені ол сауда қатынастарымыздың беріктігін көрсетеді. Елдеріңізбен бірталай сауда дефициті қалыптасқанымен, АҚШ Қазақстанмен бірлескен жұмысын жалғастыруға дайын», - делінген хатта.
Елімізді қосқанда, Трамп осындай хатты 14 мемлекетке жіберді. Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Туниске 25 процент мөлшерінде ең төмен салық қолданылмақ. 40 процент мөлшерінде ең жоғары тариф Лаос пен Мьянмаға салынады. Алдағы уақытта өзге де елдерге осындай хат түсуі мүмкін.
Еске салайық, Трамп әлемнің көптеген еліне жариялаған тарифтерінің мерзімін 90 күнге шегеріп, ол ертең күшіне енуге тиіс болатын. Алайда АҚШ президенті осы мерзімді бірінші тамызға дейін қайта шегерді.