Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы жастар табиғатты насихаттаудың тың тәсілін таңдады. Олар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Сен – табиғаттың үнісің» атты экологиялық шара өткізді.
Іс-шараға мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Бағдарламада танымдык ойындар, шығармашылық байқаулар мен экологиялық квесттер болды. Қатысушылар лас суды тазарту, бананның құрамын зерттеу сияқты тәжірибелер жасап, экология мәселелерін шешуге деген белсенді көзқарасын танытты.
Майра Жақыпова, «ALDASPAN жастар орталығының» директоры:
- Біз шараны жастарға қызықты әрі пайдалы етуге тырыстық. Олар жаңа ақпарат алып қана қоймай, ойлануға, сараптауға және топпен жұмыс істеуге үйренді. Осындай жобалар экологияға деген жауапкершілікті қалыптастырады.