Қазақстанның қаржы заңнамасына реформа жасалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауқымды реформалар топтамасы әзірленіп жатыр.
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа заңнамада банктер, төлемдер, бағалы қағаздар нарығын дамыту сынды мәселелер қарастырылған. ұған қоса цифрлық қаржы активтерін реттеу мен ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын енгізу жоспарланып отыр. Төлем нарығын одан әрі дамыту шаралары да жалғасады. "Аталған шаралар экономиканы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға серпін береді", - деді Ұлттық банк төрағасы.