Алғашқы алты айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 11 трлн теңгеге жетті. Осылайша билік жоспарды межеден асырып, 106,4 процентке орындады.
Бұл жайлы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады. Ал республикалық қазына 31 млрд теңгеге артығымен орындалған. Жергілікті бюджеттің де бүйірі толып, 656 млрд теңгеге атқарылды. Қазынаның көбі әлеуметтік салаға бағытталған.
Биыл 4,3 трлн теңге тұрғындардың тұрмысын түзеуге, 3,6 трлн теңге өңірлерді қолдауға, 800 млрд теңге нақты секторға бөлінген. Сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы үшін 3,2 трлн теңге, өңірлерге субвенцияларға 2,9 трлн теңге, міндетті медициналық сақтандыру қорына 794 млрд теңге бөлінген.