Елімізде астық экспорты 58% артты

  • 63
  • 17.07.2025, 18:44

Елімізде астық экспорты екі есеге артты. Статистикалық сандарға сүйенсек, отандық шаруалар соңғы он айдың ішінде шетелдерге 9 млн тоннадан аса өнім сатқан. Оның басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Әзербайжанға шығарылды. 

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің басты астықты аймағы. Биыл жергілікті диқандар 4,5 млн гектар жерге дән сіңірді. Оның басым бөлігі – бидай. Шаруалардың айтуынша, осы жылы жақсы өнім түсуі тиіс. 

Корней Шевченко, серіктестіктің бас агрономы:

- Биыл бидайдың шығымдылығы өте жақсы. Ауа райы да оң қабақ танытып тұр. Жаңбыр жауып, аптап ыстықтар болды. Жердегі ылғал қоры жеткілікті. Егістік алқаптарында арамшөптер мен зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргіздік.

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 6,2 млн тонна астық жиналды. Жергілікті диқандардың еңбегі еш кеткен жоқ. Қамбаға құйылған өнімнің 3/1 бөлігі экспортқа шығарылды. Биыл да сыртқы сауда қызып тұр.

Елена Гонтарь, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Жыл басынан бері облыс бойынша 1,8 млн тонна астық экспортталды. Оның ішінде майлы дақылдар да бар. Өнім негізінен Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзірбайжан елдеріне сатылды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, елімізде астық экспорты 58 пайызға артты. Өткен жылдың қыркүйегінен осы күнге дейін шетелге 9,3 млн тонна өнім сатылған. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов