Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге тоқталсақ.
Бірнеше салық шегерімнің орнына енді бір ғана бірыңғай базалық шегерім енгізіледі. Ол айына 30 АЕК, яғни 117 мың 960 теңге. Бұл сома салық салынатын табыстан алынып тасталады.
Сондай-ақ нотариус, қорғаушы, медиатор сияқты жеке практикамен айналысатын мамандар үшін табыс салығы 10-нан 9 пайызға дейін азаяды. Бірақ олар енді салықты ай сайын төлеуі тиіс. Ал азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтіндер үшін жаңа әлеуметтік шегерім қарастырылған. Салық дұрыс есептелуі үшін арнайы өтпелі ережелер қолданылады.