Қосылған құн салығы 16% болып бекітілді

  • 126
  • 18.07.2025, 18:41

Жаңа Салық кодексінде жылдық айналымы 40 миллион теңгеден асатын кәсіпкерлер үшін қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Табыс салығы бұрынғыдай  20 пайыз деңгейінде қалады. Ал банк және ойын бизнесі үшін салық жүктемесі 5 пайызға өседі. Медициналық салада жеңілдіктер қарастырылған.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы салық мөлшерлемелері көршілес елдермен салыстырғанда, орта және ірі бизнес үшін тиімді болмақ. 

Сәкен Қарин, Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының басқарма төрағасы:

- Орта буындағы кәсіпкерлерге өзгерістер жоқ деп айтсақ та болады. Біздің ойымша, 90 пайыз кәсіпкерлер салықтарын төлеп отыр. Көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде қосмыша құн салығы енді төмен болып шықты. Бірақ енді олардың экономикасы біздің экономикадан төмен. Бұладрыдың ақшаларының құны да төмен. Енді Ресей Федерациясында салық көбірек.