Маусым айының қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде 11,8 процентті құрады.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында айтылды.
Ұлттық банктің мәліметінше, бұған бірқатар сыртқы және ішкі фактор әсер еткен. Дегенмен біздің елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия елдеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жүйелі жұмыстар жүргізуде. Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі қысқа әрі ұзақмерзімді қамтитын шаралар кешені қалыптастырылды. Құжат қараудың соңғы сатысында тұр және Үкіметтің жеке қаулысымен қабылданады.