АХҚО жарты жылда 2,6 млрд доллар инвестиция тартқан

  • 33
  • 28.07.2025, 18:51

«Астана» халықаралық қаржы орталығы осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 2,6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартып, 500-ден астам жаңа қатысушыны тіркеді. Осылайша қаржы орталығымен 85 елден 4 мыңнан астам компанияға жұмыс істеп жатыр. Ал жалпы тартылған инвестиция 16,9 млрд доллардан асқан. Тіркелген шетелдік компаниялар бірінші жартыжылдықтың өзінде ел қазынасына 70 млрд теңгеден аса салық төлеген.

Елена Пак, АХҚО Коммуникациялар және маркетинг жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының міндеті – ел экономикасына инвестиция тарту. Мұнда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Сондықтан шетел компаниялары бізге сенім артады. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі қаржы орталықтары арасындағы GFCI индексі бойынша көшбасшы орнын сақтап келеді.