2028 жылға дейін Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етеді. Үкімет алдына осындай міндет қойылды. Жоспарды орындау үшін бағытта атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Сонымен ауыл шаруашылығы өндірісі соңғы үш жылда 11% өсіп, биылғы егіс көлемі 23,6 млн гектарға жетті. Мал басы көбейіп, ет, сүт, жұмыртқа өндірісі артты. Ірі қара мал 8,8 млн бас, жылқы 4,6 млн, құс 47 млн-ға жетті. Қазірдің өзінде «ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс пен ұн өнімдері бойынша тұрғындарының қажеттілігін ішкі өнім жабады. Ал құс еті, шұжық, ірімшік, қант және балық бойынша импорт сақталуда»,– деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы. Импортты азайту үшін жаңа фабрикалар салынып жатыр. Атап айтқанда, 69 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Тағы 47-сі салынып жатыр. 17 құс фабрикасы іске қосылды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, 2028 жылға дейін тағы 41 кәсіпорын ашылып, осылайша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсімі биыл айтарлықтай баяулаған.