Елімізде шағын және орта бизнес иелерінің саны 2 млн жүз мыңнан асты. Мамандар: «Бұл 2021 жылдан бастап жүргізілген кәсіпкерлікті қолдау шараларының нәтижесі», - дейді.
Атап айтсақ, қадағалау саласында 10 мыңнан астам талаптың күші жойылған. Сондай-ақ бизнестің әртүрлі лицензиялар мен рұқсаттарды алу талаптары қайта қаралған. Бүгінге дейін 381 ақпарат құралы оңтайландырылып, олар 37%-ға автоматтандырылыпты. Қазір экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 38 пайыз. Олар 18,7 трлн теңгенің өнімін шығарған.