Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында еліміздің өңдеу өнеркәсібі 6,1% өсім көрсетті. Жалпы өндіріс көлемі 6,9% артты. Өсімнің негізгі драйверлері машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдарының өндірісі боп тұр. Үкімет ірі кәсіпорындармен ұзақмерзімді келісімшарттар көлемін екі есе арттырды. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінде 190 жоба жүзеге асырылып, 23 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Жер қойнауын тиімді пайдалану бойынша да нақты қадамдар жасалып жатыр. Биыл жаңа 5 кен орны есепке қойылып, алтын қоры шамамен 98 тоннаға толықты. Ал жыл соңына дейін 41 нысанда барлау жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар заңбұзушылықтарға қатысты 61 лицензия қайтарып алынып, 910 млн теңге айыппұл салынды. Саладағы тәртіпті арттыру үшін электронды аукциондар өткізіліп, бюджетке 28 млрд теңгеге жуық қаржы түсті.