Цифрландыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырды

  • 14
  • 04.09.2025, 18:37

Цифрлық технологиялар көлеңкелі экономикадан 28 млрд теңгеден астам қаражатты шығарды. Цифрландыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, 13 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген. Ал мемлекеттік қызметтер 20 есе жылдам көрсетіле бастады. 

Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 

-Қазақстан цифрландыру бойынша әлемдегі 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша топ он елге кіреді. Қазір мемлекеттік қызметтердің 92 онлайн алуға болады.