Astana Finance Days аясында қаржы форумы өтті

  • 17
  • 05.09.2025, 19:42

Astana Finance Days 2025 аясында «Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы өз жұмысын аяқтады. Іс-шарада сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, деректерді қорғау, финтехтегі жаңа трендтер, ішкі IPO, криптотехнологиялар және өңірлік инвестицияның әлеуеті. Сонымен қатар капитал нарығын дамыту мен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары сөз болды.

Форум соңында Jiaxin International Resources Investment Limited компаниясы Гонконг пен Астана биржаларында өз акцияларын сатып, инвесторлардан қаржы тартуға ниет білдірді. Одан түскен ақша өндіріс қуатын арттыруға, өңдеу зауыттарын салуға және түсті металлургиядағы жаңа жобаларды дамытуға бағытталмақ.

Хани Каблави, Нью-Йорк Mellon банкінің аға атқарушы вице-президенті:

- Халықаралық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Мәселен, біз цифрлық активтерді иеленуге сенім білдіреміз. Сонымен қатар дәстүрлі және цифрлық активтерді біріктіре отырып, кешенді қызмет ұсынуға дайынбыз. Бұл екі бағыт бір-бірімен тығыз байланысты болуы керек. Бұл қаржы саласындағы маңызды жетістік. Біз оны одан әрі дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз.