Қазақстан мен Моңғолия экономикалық әріптестікті нығайтып жатыр.

  • 10
  • 05.09.2025, 19:58

Астанада іскерлік кеңестің екінші отырысы өтіп, бірқатар келісімге қол қойылды.

Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Дашзэгаийн Амарбаясгалан және екі елдің бизнес өкілдері қатысты. Негізінен өзара сауданы кеңейту, өнеркәсіптік кооперация мен көлік-логистикалық бағыттарды дамыту жайы сөз болды. 

Өткен жылы қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 124 миллион АҚШ долларына жуықтаған. Ал биылғы жеті айда өзара алыс-беріс 74 миллион долларға жетті.