Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

  • 12
  • 19.09.2025, 19:30

Бұл жүйе бүгінде үш тауар тобына енгізіліп, оң нәтижесін көрсеткен. Атап айтқанда, бюджетке түсетін кіріс артып, көлеңкелі нарықтағы заңсыз өнімдер анықтала бастады. Жиынға қатысушылар таңбалау процесі бизнестің жұмысын қиындатпай, тиімді түрде енгізілуі қажет екенін тілге тиек етті. Үкімет мүшелері бұл тұтынушыларды қорғауға, нарықты көлеңкелі экономикадан тазартуға және отандық өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталғанын атап өтті. АҚШ, ЕуроОдақ өкілдері мен ірі компания басшылары Қазақстанның ашық әрі болжамды саясат жүргізуін оң бағалап отыр. Кеңес соңында Үкімет басшысы осы реформалар ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, нарық ашықтығын арттыратынын жеткізді.