Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 6,5% өсті. Атап айтқанда, көлік, құрылыс, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі салаларында көрсеткіш ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11,5 трлн теңгеге жетті.
Арман Қасенов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: -Қазақстан экономикасы жаңа жағдайларға сәтті бейімделді. Өсу траекториясында қалып отыр. Қызмет көрсету саласы 5,1% өсті. Ең жақсы көрсеткіштерді көлік, құрылыс, сауда, сондай-ақ тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы көрсетіп отыр.