Мұны бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары хабарлады. Сондай-ақ салық төлеушілерді санатқа бөлу жүйесі жойылады. Бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексіне енгізіледі. Тексеру жүргізу кезінде салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың барлық кезеңі онлайн форматқа ауысады. Қалған барлық рәсім қажетті құжат тапсырудан бастап, тексеру нәтижесін алуға дейін ақпарттық жүйе арқылы жүргізіледі. Бұл уақытты үнемдеп, шығынды азайтады әрі адами факторды барынша төмендетпек. Айта кетейік, биыл 4 228 салықтық тексеру жүргізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% аз. Тексеру санының азаюына қарамастан, салықтар бойынша қосымша есептелген сома өткен жылмен салыстырғанда 20 млрд теңгеге артқан.
Дәурен Нұрқожаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы:
-Қабылданған өзгерістер бақылау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, кәсіпкерлер тарапынан сенімді күшейтуге, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруге теңгерімді тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.