Бұған дейін бұл көрсеткіш 16,5% деңгейінде болған. Шешім инфляцияның күшеюі мен сұраныстың ұсыныстан асып түсуіне байланысты қабылданған. Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың сөзінше, мөлшерлеме баға өсімін тежеу үшін көтеріледі. Өйткені қыркүйекте жылдық инфляция 12,9% болды. Бағаның өсуіне негізінен азық-түлік пен ақылы қызметтің қымбаттауы әсер еткен. Базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешім 28 қарашада қабылданады. Егер инфляция қарқыны сақталса, Ұлттық банк ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуы мүмкін.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-Ақша-несие шарттарының ұстамды қатаңдығын қайтару және инфляцияның шамадан тыс өсуін болдырмау үшін, базалық мөлшерлемені едәуір арттыру қажет болды. Тамыздағы шешімді жариялаған кезде инфляция қарқыны біршама баяуламаса, саясатты қатаңдату мәселесін қарастырамыз деген едік. Енді инфляцияны төмендету үшін осы қағиданы іске асырып жатырмыз.