Келер жылдан бастап, жаңа салық кодексіне сай үш бірдей арнаулы режим жұмыс істейді. Соған сәйкес бірқатар шарттар мен жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, өзін-өзі қамтығандар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ және табыс салығын төлемейді. Тек 4% мөлшерінде әлеуметтік төлем жүргізуі тиіс. Ал салықтық есептілікті тек мобилді қосымша арқылы тапсырады. Арнаулы салық режиміне кіретін санаттар тізімін Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген. Дегенмен, режимге енгісі келетіндер тарапынан келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап, наурызға дейін өтініштер қабылданбақ.
Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:
- Үш режим бар. Өзін-өзі қамтығандарға 1,3 млн теңге бір айда. Яғни, жылына 15 миллион теңгедей болып қалады және де оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі бойынша – 2,5 млрдтеңге. 600 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Осы кіріс аясында, қосымша құн салығын төлеудің қажеттігі жоқ. Тек қана табыс салығын төлеу талабы бар.