Экономиканың даму қарқыны артып келеді

  • 12
  • 15.10.2025, 19:33

Ел экономикасының даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Құрылыс саласындағы айтулы көрсеткіштерді бұған дейін айтқанбыз. 30 жылдағы өсім жоғары, 32 есе артқан. Бұдан басқа салаларда да өркендеу тенденциясы аз емес. Ендігі міндет - экономиканың өсу қарқынын сақтап, жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін молайту. Бұл үшін қандай істер атқарылады?

Сарапшылар тәуелсіздік жылдардағы экономиканың даму бағытын бірнеше кезеңге бөледі. Тоқыраудан өркендеуге дейін біраз сындарлы шақтарды өткерді. Бұған әлемдік қаржы дағдарысына төтеп бергенін қосыңыз. Соған қарамастан 1991 мен 2024 жылдар аралығында елдегі жалпы ішкі өнім көрсеткіші 188% өскен. Экономикадан бөлек халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту да күн тәртібінен түскен емес.   

Бақытгүл Қамбар, Экономикалық зерттеулер институты тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың директоры:

-Алғашқы теңге қабылдаған кезде мысалы, мен статистиканы қарап көрдім, ең төменгі жалақы 13 теңге ма, сондай болған екен. Ал қазір мысалы, бізде 85 мың теңге. Әрине бұл әртүрлі даулы сұрақтар болуы мүмкін. Бірақ соған қарамастан, біздің экономикамыз долларға шаққанда, қазіргі болжам бойынша 2025 жылы 311 млрд доллардан асады деп отыр. Сондықтан бұл айтарлықтай жақсы жетістік.


Құрылыс – экономиканың өсуіне айтарлықтай серпін берген салалардың бірі.
Тек биылғы 9 айдағы көрсеткішті алайық. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артқан.  

Жанерке Сағымжан, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық істері комитетінің баспасөз хатшысы:

-Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлер шамасы 12,9 млн шаршы метрді құрайды. Яғни бұл дегеніміз, 3,4
% дейін өскендігі байқалады. Осы 2025 жылға дейін құрылыс саласының ең басты өсімі басты себебі еліміздегі өнеркәсіптің дамуына байланысты, құрылыс саласындағы материалдың дамуына байланысты.  

Тек құрылыс емес, көлік-логистика мен қызмет көрсету салаларында өсу тенденциясы байқалады.
Қазба байлықтарды игеру мен ауыл шаруашылығындағы жағдай тұрақты. Қазір экономиканы одан әрі дамытып, әлемдік нарыққа өнім шығаруды ұлғайту көзделіп отыр.  
 

«
Қазіргі таңда экономиканың жалпы беталысы тұрақты», дейді мамандар. Өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика секілді секторы тұрақты өсім көрсетсе, шағын және орта бизнесті дамыту, инновациялық-технологиялық сала көңіл бөлуді қажет етеді. Сондай-ақ «жасыл экономикаға» көшу мен цифрландыру технологияларын белсенді енгізу де өзекті. 

Әнуарбек Мырзатайұлы, Руслан Тәуірше