Әсіресе жергілікті кәсіпкерлердің үлесі төмен екенін тілге тиек етті.
Халық қалаулыларының айтуынша, жергілікті кәсіпорындардың үлесін арттыру керек. Себебі бұл экономикалық дамудың, импортқа тәуелділікті төмендетудің және елдің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторы. Бүгінде ішкі нарықта өсім болғанмен, үлес аз.
Айта кетейік, биылғы жылғы қаңтар айынан қыркүйекке дейін өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6%-дан астамға өсіп, 21,5 трлн теңгені құрады.
Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біз өндірушілерге бардық, бітелген қоймаларды, мектеп үстелдерін, қажет нәрсенің бәрін көрдік. Олар: «Міне, қоймалар толып тұр, бірақ ешкім сатып алмайды», - дейді. Басқа жақтан алып келіп, оның Қазақстанда жасалғаны және отандық тауар ретінде мөртабан қою оңайырақ. Іс жүзінде отандық тауардың 70% болуы керек. Кәсіпкерлер: «Олай емес», - дейді. Цифрландыру бізге бұл процесті ашық етуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.