Оңтүстік Кореяда «Алатаu City» жобасы таныстырылды

  • 9
  • 16.10.2025, 19:38

Alatau City негізгі көлік дәліздерінің торабында орналасқан, ауданы 88 мың гектарды құрайды. Мұнда корпоративтік табыс, жер және мүлік салығынан босату, сондай-ақ өзге де бірқатар жеңілдіктер қолданысқа енгізілмек. Әрі шаһар болашақта технологиялық компаниялар мен экспортқа бағытталған өндірістердің орталығына айналмақ. Бұл бағыттарда Қазақстан мен Оңтүстік Корея тығыз әріптестік орната алады. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Біздің министрлік және Кореяның сирек металдар институтымен бірігіп келесі жылы үлкен бірлескен зерттеу институты ашылады. Сирек металдарды өндіру және олардан жаңа өнімдер шығару мақсатында Корея үкіметі 20 миллион доллар көлемінде инвестиция салуға рұқсат берді.