АИ-92 мен дизель бағасы қымбаттамайды

  • 12
  • 16.10.2025, 19:38

Әуелгісі көлік жүргізетіндерге сүйінші жаңалық. АИ-92 маркалы бензині мен дизель отыны бағасын көтеруге мораторий жарияланады. Коммуналдық қызметтердің тарифі алдағы жылдың 1-ші тоқсанына дейін көтерілмейді. Жаңа Салық кодексінің шағын және орта бизнес қызметіне теріс әсерін азайту мақсатында, арнайы салық режимін қолдануға салынатын басы артық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Тыйым салынған тізімде қолданыстағы заңнамадағыдай, тек 44 қызмет түрі сақталады. Базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты ипотекалық бағдарламалар бойынша тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылданды. Ипотекалық несие екі есеге көбейетін болды. Отандық автоөндірушілер мен банктер автокөлік бағдарламаларын одан әрі жалғастырады. Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі. Бұл міндеттер әрбір Қазақстан азаматының әл-ауқатын арттыру тапсырмасына бағдарланғанын айта кеткен жөн.