Енді бизнеске жасанды интеллект элементтері енгізіледі

  • 12
  • 21.10.2025, 19:40

Екі ел арасында 16 келісімге қол қойылып, 100-ге жуық жобаны жүзеге асыруға уағдаласты. Ол қандай жобалар? Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығы енді қай бағытта өрбиді? 

Еліміздің мамандары Әзербайжандағы мектептерге цифрландыру бағытында көмек көрсетпек. Ал алдағы аптада көрші ел бізге минералды су жеткізбек. Сарапшылардың сөзінше, бүгінгі форум осындай келелі істерге бастама болып отыр. 

Юсиф Абдуллаев, Әзербайжан Республикасы Экспорт пен инвестицияларды ілгерлету жөніндегі агенттіктің атқарушы директоры:

- Біз өзара жобаларымызды пысықтап, оны ары қарай дамыту үшін бұл жақсы платформа деп есептейміз. Екі ел арасындағы әріптестік барлық сектор бойынша артып келеді, тауар айналымы да өсуде. Сол себепті осы форумға жиналып, енді қай бағыттарды бетке алуды ақылдасудамыз. 

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында өзара сауда 343,3 миллион долларға жектен. Қазақстанның экспорты 290,8 миллион долларды еңсерсе, Әзербайжан импорты 58% өсті.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

- Сауда-саттық көлемі 2024 жылы 543 млн долларды құрады. 543 млн-ның 490 млн доллары біздің экспорт. Біздің Әзербайжанға экспорттайтын өнімдеріміз бидай, мұнай.  

Бүгінгі форумға 100-ден аса компания қатысты. Қазіргі кезде цифрландыру экономиканың драйверіне айналып отырғандықтан, екі ел арасындағы ынтымақтастық IT интеграцияны ілгерлетуге бағытталды. 

Құралай Жұмахан, Аян Сәрсенбаев