Диқандарға қолдау көрсетіледі

  • 12
  • 22.10.2025, 19:55

«Биыл екінші жыл қатарынан рекордтық көлемде өнім жинауды жоспарлап отырмыз», - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері. Бүгінде егіс алқаптарының 98 пайыздан астамы орылды. 20 миллион тоннаға жуық бидай, 4,2 миллион тонна арпа мен сұлы, 830 мың тонна жүгері жиналды. Көкөніс бойынша да көрсеткіш жақсы. 3 миллион тоннаға жуық картоп пен 4 миллион тонна көкөніс қоймаға жеткізілді. Ал дәнді-бұршақты дақылдардың өнімі алғаш рет 1 миллион тоннаға жетті. 

Назгүл Хатепова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры:

- Биылғы жылы қолдау шараларына 1 трлн-ға жуық ақша бөлінді. Оның ішінде 750 млрд теңге бұл көктемгі дала және егін жинау науқанына байланысты. Бүгінгі күннің өзінде 502 млрд теңге толығымен шаруаларға жеткізілді. Одан бөлек, биылғы күнде 1 қазаннан бастап келесі жылғы егін науқанына қаржыландыру басталып кетті.