Бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Электрондық қаржы орталығының» бірлескен бастамасы. Жүйе, мемлекет пен бизнестің өзара байланысын жеңілдетуге бағытталған. Онда компаниялардың өндірістік қуаты, лицензиялары мен өнімдері туралы барлық ақпарат жинақталады. Реестр импорттық тауарды «made in Kazakhstan» деген таңбамен сататын жосықсыз компанияларды анықтап, шеттетеді. Жүйе ондаған анықтаманы алмастырып, мемлекеттік қолдауды ашық әрі тиімді ете түсуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл жобаға елдің 13 өңірінен түрлі сала кәсіпорындары қатысып жатыр. «Тестілеу нәтижесі бойынша келіп түскен ұсыныстардың барлығы ескеріледі», - дейді мамандар.
Жансая Жақыпова, «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ дирекциясының басшысы:
- Осы тізілім арқылы Қазақстанда қандай тауар өндіріледі, қандай тауар өндірушілер бар, қай салаларда бар? Сондай мақсатта ақпарат жинау және де осы мемлекеттік қолдау дейміз ғой, сол мемлекеттік қолдаулар нысаналы түрде бағытталуына осы реестрді құру біз үшін өте маңызды.