Жол – экономиканың күретамыры

  • 21
  • 30.10.2025, 19:37

Биыл тоғыз айда ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге түсті. Ол қаражат жолдарды күтіп-ұстауға және жаңа техника алуға жұмсалып жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мәлім етті. Сондай-ақ Орталық-Батыс дәлізіндегі нақты жұмыстар 1 наурызда басталады. Қазір қаржыландыру институттарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Дархан Иманашевтің айтуынша, бүгінде ұлттық компания жол бойындағы нысандарға дизайн код әзірлеп, ортақ стандартқа келтіруде. Сонымен қатар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 30 санитарлық-гигиеналық торап іске қосылды. Сондай-ақ жол құрылысы сапасына салғырт қараған мердігер мекемелерге заң аясында шара қолданылып жатыр. 

Дархан Иманашев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

-2025 жылдың басынан бері мердігерлер салған жобалардан 2777 ақау анықтадық, оның 1400-ге жуығы бүгінгі күні жойылып, қалған ақауларды жою жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ республикалық автожолдарды қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмысын тиісті түрде орындамағаны үшін 10 мердігер компания соттың шешімімен жосықсыз компаниялардың тізіміне енгізілді.