Тараптар агроөнеркәсіп, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Мәселен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Маттео Патронемен инфрақұрылымдық жобалар, шағын және орта бизнесті қолдау бағыттары қаралды. PepsiCo компаниясымен Алматы облысындағы тұзды тіскебасарлар зауытының құрылысы талқыланды. Ал Fufeng Group компаниясымен Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу жөніндегі өнеркәсіптік парк жобасы назарға алынды. Премьер-министр Үкіметтің инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп, жаңа өндірістер арқылы елдің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.