Үкімет басшысы Беларусь Премьер-министрімен кездесті

  • 9
  • 05.11.2025, 19:31

Тараптар екіжақты тауар айналымын ұлғайтуды пысықтап, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия сынды салалардағы серіктестікті нығайту жайын талқылады. Көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм бағыттары да назардан тыс қалмады. Келіссөз соңында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жол картасы,

Алматы облысының әкімдігі мен Витебск облыстық атқару комитеті арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы меморандум бар.