Қазақстан мен Беларусь экономикалық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ниетті

  • 9
  • 05.11.2025, 19:35

Құжаттар өнеркәсіп және сауда ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ тараптар әрі қарай да ауыл шаруашылығы, логистика және инжиниринг бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Жалпы биылғы 7 айда екі елдің сауда айналымы 612 миллион доллардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайыз артық. 

Мұрат Қарымсақов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы:

- Бізде Қазақстанда сол Беларусь капиталымен істелген мың шамасында компаниялар жұмыс істейді. Жалпы сол компаниялар 20 жылдың ішінде 1,3 млрд доллар инвестиция құрды.