Бұл Астанада өткен Үкіметаралық кеңестің 13 отырысында мәлім болды. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен саласында биылғы 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 42%-ке өсіп, 326 млн долларға жеткен. Оның 80 пайыздан астамы Қазақстаннан шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты.
Жиында еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиев екі елдің сауда-экономикалық байланысын кеңейту мәселесіне тоқталды. Олар сондай-ақ өнеркәсіп кооперациясы, инвестиция, энергетика, су саласы, көлік-логистика, туризм сынды өзге де салалардағы өзара ынтымақтастықты талқылады.