Техника, жиһаз, киім, демалыс пен мыңдаған түрлі тауар мен қызметтерге жеңілдіктер. Төрт күн бойы Kaspi-дің сүйікті клиенттері тиімді сауда жасады. Kaspi Жұма жалпыұлттық мерекесі қалай өтті?
Мерхат брендінің зергерлік шеберханасында қазақстандық күміс пен алтыннан ұлттық нақыштағы ерекше әшекейлер жасалады. Бұл толықтай отандық өнім. Шеберлердің қолынан шыққан сақиналар мен алқалар да, білезіктер мен сырғалар да халқымыздың мәдени мұрасы бар.
Хадия Ордаш, Merhat бренді маркетинг бөлімінің басшысы:
-Kaspi тарапынан бұл тиімді ұсыныс. Себебі біздің бұйымдарымыз арзан емес. Kaspi Жұма аясында біздің саудамыз 40% артады, жай күндерге қарағанда саудамыз көбірек болады. Бұл бізге өте үлкен қуаныш. Екіншіден біз клиенттерімізге тағы да қуаныш сыйлау үшін 20% жеңілдік беріп жатырмыз осы Kaspi Жұма аясында.
Қазақстандық кәсіпкерлердің сауда көлемі рекордтық деңгейде болды, ал Kaspi-дің сүйікті клиенттері затты үлкен тиімділікпен сатып алды. Көптеген қазақстандықтар 50% дейінгі жеңілдіктерді, ұлғайтылған бонустарды және арнайы ұсыныстарды жоғары бағалады.
Даният Тіле, сатып алушы:
-Kaspi Жұмаға келдік. Kaspi Жұмадан шаңсорғыш алдық. Ыңғайлы, ай сайын төлеуге де ыңғайлы. Аз шығады бізге. Kaspi Жұманы күтеміз.
Әділ Жайынбеков, Respect дүкенінің менеджері:
-Kaspi Жұма кезінде бізде аяқкиімдерге 50%, күздік аяқкиімдерге 30% және қыстық аяқкиімдерге 30% дейін жеңілдіктер болып жатыр.
Үнемдеуден бөлек, Kaspi Жұма көптен бері жоспарлаған заттарды сатып алуға жақсы мүмкіндік.
Дәулет Жақсылық, сатып алушы:
-Kaspi Жұмамен ауа баптағыш, кір машинасын, кептіргіш, микротолқынды пеш, 2 теледидар сатып алдым. Жөндеу жұмыстары 2-3 айға жалғасады. Аяқталған соң бірден барлық заттарды орналастырамын. Kaspi-ге сенеміз, жылдам жеткізеді, қызмет көрсетуі де тамаша
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі қабылдау пункттерінде жұмыс үздіксіз жүріп жатыр. Кәсіпкерлер сатып алушыларға жылдам жеткізу үшін тауарларын әкелуде.
Талғат Төлеби, Zammler бөлімшелер желісінің менеджері:
-Қарапайым күндері қабылдау бөлімінде 8-9 адамға дейін жұмыс жасайды, ал Kaspi Жұма кезінде олардың саны 14-15-ке дейін көбейеді. Жалпы жұмыс көлемі 2 есеге артады және жыл сайын өсіп тұрады.
Kaspi өз сүйікті клиенттеріне қолайлы болуы үшін бүкіл ел аумағындағы постоматтар санын көбейтуде.
Мехрибану Ибраимова, сатып алушы:
-2 жыл болды Kaspi-мен жұмыс істеп жатқаныма, Kaspi дүкеннен. Kaspi Жұмамен телефон, кеше алтын тапсырыс бердім. Рақмет, жақсы негізі, постомат ыңғайлы маған. Өзім үйіме жақын, мына жерде.
Kaspi Travel серіктестері де клиенттерін қуантты. Көпшілігі осы күндері жылы елдерге және қазақстандық курорттарға жолдама сатып алды.
Абзал Қасанаев, Oi-Qaragai тау курорты сату бөлімінің басшысы
-Ой Қарағайдағы қысқы кезеңнің ашылу уақыты Kaspi Жұмамен бірге бір түсіп тұр. Қысқа шаңғы және сноуборд тебуге арналған скипасс абономенттері, Kaspi Travel арқылы біз қонақүй, үй-жай қызметтерін де брондауға мүмкіндік береміз. Бүкіл қазақстандықтарды шақырамыз.
Тиімді сауда мерекесіне қатысқан кәсіпкерлердің айтуынша, олардың бизнесі Kaspi Жұмамен бірге өсіп келеді. Жергілікті өндірушілер жаңа клиенттерге өз өнімдерін таныстырып, сату аумағын ұлғайту мүмкіндігіне ие болды. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Аршын Кемелжан