Үкімет үш жылға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасын бекітті

  • 10
  • 19.11.2025, 19:50

Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекітті. Мақсат – экономиканың өсуін жыл сайын кемінде 5% арттыру. Халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3% ұлғайту көзделген. Тұрақтандыру қорлары, өнім бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды пайдалану арқылы азық-түлік бағасын бірқалыпты ұстап тұруда. Ал сауда министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, делдалдық схемаларды анықтау жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ импортталатын өнім өндірісі ұлғаяды. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдауды нақты иесіне жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге, экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға баса назар аударылатын болады.