Ол үшін қазір арнайы даму стратегиясы жасалып жатыр. Жобаның алғашқы нұсқасы қоғам өкілдерінің талқысына ұсынылды. Жалпы жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында қазір экология, жастардың өзге өңірлерге көшуі секілді түйткілді мәселе көп. 7 бағыттан тұратын даму стратегиясы осы олқылықтарды жоюға бағытталған. Болашақта облыс орталығын дамытуда «ақылды қала», «жасыл қала» секілді халықаралық тәжірибелер қолданылады. Тыңдалым барысында қоғам белсенділері тарапынан бірқатар ұсыныс та айтылды. Мамандар оның барлығы ескеріліп, құжат жыл соңына дейін қабылданады дейді. Одан әрі қаланың қазіргі ахуалына кешенді талдау жүргізіліп, жобаны үйлестіретін стратегиялық кеңес құрылады.