Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов есептік кездесуінде мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, олардың қатарында құс фабрикасы, вагон дөңгелектерін жөндейтін шеберхана сияқты ірі жобалар бар. Барлық бастамаларды жүзеге асыруға 104 млрд теңге бағытталған. Қазір өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жобаларға басымдық берілуде. Ал келер жылы жалпы құны 48 млрд теңге болатын 12 жоба іске қосылады.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
- Өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері — мұнай-газ, химия саласы. Бүгінде құны 10,7 млрд доллар болатын үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қысқаша тоқталып өтетін болсам, бұл полиэтилен өндіру жобасы, газсепарациялық қондырғы және газ өңдеу зауыты. Үшеуінде де жұмыс басталды және алдағы жылдары аяқтауды жоспарлап отырмыз.