Зейнетақы жинағы ₸25 трлн-нан асты

  • 9
  • 19.12.2025, 18:41

Бұл рекордтық көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, болашақта жинақ активтерінің инвестициялық мүмкіндігін кеңейту жоспарланған. Оның ішінде халықаралық қаржы нарығының тиімділігін игеру көзделіп отыр. 25 триллион теңге жинақтау жүйесі құрылғалы бергі нәтиже. Тек соңғы бір жылда 20 пайызға дейін өскен. Айта кетейік, зейнетақы негізінен бірнеше қаржыландыру көзінен жинақталады. Оның басым бөлігі - азаматтардың жарнасы. Мұндай өсімге зейнетақы активтерінен түскен инвестициялық кіріс те әсер еткен. Нәтижесінде азаматтарға берілген төлем де ұлғайған.

Мұрат Шарипов, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:

-Жыл сайын зейнетақы жинағы 20 пайыз өсіп отыр. Оның 42 пайызы 1998 жылдан бері жиналған инвестициялық кіріс. Негізі бұл қаражаттың басым бөлігі азаматтардың жарнасы екенін атап өту керек. Статистика көрсеткендей, бұған дейін 5 триллион теңге көлеміндегі қаржыны біздің салымшылар тұрғын үй жағдайын жақсарту және ем үш жұмсады.