Салықтан жалтарғандар азаяды

  • 7
  • 22.12.2025, 18:52

 Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың айтуынша, салық жүктемесі төмен 93 мың компания анықталған. Оның 14 мыңы құрылыс саласында, ал 39 мыңы сауда саласында жұмыс істейді. 33 мың компанияда барлық салықтық шегерімдердің 80 пайызы оңайлатылған декларация арқылы рәсімделген. Салдарынан компаниялар бюджетке 20 пайыз салықтың орнына 3 пайыз ғана аударып отырған. Осыған байланысты жаңа Салық кодексінде мұндай тетіктер шектелмек.

Ерқанат Шымберген, ҚР МКК Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы: 

- Бұл статистикаға қарайтын болсақ, бұл механизмдер салықтық мөлшерлемені азайту үшін жасалған. Сондықтан белгілі бір шектеулер қойылды. Яғни түпкілікті мақсат – салықтың бірдей және толық төлемде төлеу мүмкіндігін жасау.