Қызылорда облысының бюджеті 246% артқан

  • 8
  • 22.12.2025, 18:48

Бюджет көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 246 процентке өскен. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты. Одан бөлек, өңірде 300 млрд теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылып, бірнеше әлеуметтік, спорттық және мәдени ошақтар бой көтерген. 

Әкімнің айтуынша,  елді мекендердің барлығы сапалы ауызсумен қамтылған. Жолдар да жақсы. Мектеп те үш ауысыммен оқымайды. Бірақ Сыр диқандары биыл су тапшылығын көріп, біраз әбігерге түскені рас. Алайда мемлекеттің қолдауымен мәселе тиімді шешіліп, қазір су үнемдеу технологиясы іске асып жатыр. Облыс тұрғындарын жұмыспен қамтитын жобалар да аз емес.

Нұрлыбек Нәлібаев , Қызылорда облысының әкімі:

- 215 млрд теңгеге Қызылорадада жылу электр орталығы  салынды. Келесі жылдың басында 60 млрд теңгеге шыны бұйымдарын шығаратын бутылкадан бастап, жаңа зауыттың құрылысы басталады. Біз жақында ғана министрлікпен бірге келісімшартқа қол қойдық. Испанияның «Роко-групп» компаниясы 44 млрд теңгеге сантехникалық бұйымдар шығаратын жаңа зауыттың құрылысын бастайын деп жатыр.