Биылғы 11 айда елдегі экономикалық өсім 6,4% жетті. Экономиканы əртараптандырудың, сондай-ақ салалардың теңгерімді дамуының нəтижесінде жоғары өсу қарқыны сақталған. Негізгі үлесті көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде. Басқа салаларда да оң динамика байқалып отыр. Атап айтқанда, сауда 8,8%, ауыл шаруашылығы 6,1%, өңдеу өнеркəсібі 5,9% өскен. Экономиканың тұрақты өсуінің маңызды факторы әрине, инвестициялардың ұлғаюы. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елге 10,1 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.
Айбар Олжаев, экономист:
-Биыл бізде 320 млрд доллар ішкі жалпы өнім. Келесі жылы 422 млрд доллар ЖІӨ жету керекпіз. Сонда бір жылда біз 100 млрд доллар ЖІӨ көбейтетін боламыз. Сонда бұл біздің экономикамыз үшін өте жақсы. Ұлттық қор, халықаралық резервтер барлығын қосқанда, халықаралық резервтер 127 млрд доллар шамасына жетіп қалды. Бұл енді Ұлттық қор мен алтын бағасының жақсы өсуі. Бұл енді келесі жылы белгілі бір жемісін беретін болады.