Индустриалдық аймақтар дамытылады

  • 11
  • 25.12.2025, 18:36

Ол қосылған құн көлемінің артуы есебінен экономикаға үлкен өсім беруі тиіс. Бұл арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтардың инфрақұрылымын дамыту есебінен жүзеге асады. Оның сыртында осы бағытта 2030 жылға дейін инфрақұрылымды салу есебінен аталған арнайы аймақтарда 2030 жылға дейін шамамен 200-ден астам жаңа жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бұл туралы Премьер-министрдің жетекешілігімен Үкіметте өткен аранайы жиында баяндалды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елде 17 арнайы экономикалық және 66 индустриалды аймақ жұмыс істейді. 5,7 трлн теңгеден астам жеке инвестиция тартылып, 860 жоба іске асқан. Бұл өз кезегінде 57 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп отыр. Алдағы жоспарларды жүзеге асыру үшін Олжас Бектенов 2026 жылдың 15т қаңтарына дейін қаржыландыру көздерін айқындап, жұмысқа кірісуді жүктеді.