«Таза Қазақстан»: Қарағандылық еріктілер ардагерге құрмет көрсетті

  • 1393
  • 25.12.2025, 18:55

«AMANAT» партиясының өкілдері, белсенді жастар сұрапыл соғыс куәгері Виктор Шелудяковты Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Қария жақында 100 жасқа келген болатын. «Облыста қазір бес соғыс ардагері ғана қалды. Оларға құрмет көрсету парызымыз», - дейді жастар. Олар хабарласып, көмек сұраған қарт кісілерге, жалғызбасты аналарға қолғабыс етіп жүр. Қала көшелеріндегі қоқысты жинап, қардан тазарту, абаттандыру жұмыстарына да атсалысып жүр.

Жолдасбек Кеңес, волонтёр:

- Қар тазалап және Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өзіміздің сый-сияпатымызды беріп, батасын алып, осылай жасаймыз. Елімізді, жерімізді қаншалықты таза ұстасақ, ол денсаулыққа да пайда, келер ұрпаққа да қалдыратын аманат.