ШОБ-тан түсетін табыс салығы аудандық бюджетке беріледі

  • 83
  • 08.01.2026, 18:32

Жаңа Бюджет кодексі бойынша шағын және орта бизнестен түсетін табыс салығы аудандық бюджетке беріледі.

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде түсіндірді. Жоғары палата спикері Президент бастамасымен қолға алынған маңызды реформаларға да тоқталды. Сонымен қатар өңір жастарымен кездесті.      

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кешенді реформалар іске асырылып жатыр. Басты мақсат – әділетті мемлекет, тиімді экономика және жауапты басқару жүйесін қалыптастыру. Осы аптаның басында «Түркістан» газетіне Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланған болатын. Онда Мемелекет басшысы еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды. Бұл елімізді әділетті, демократиялық ашық мемлекетке айналдыруға бағытталған жүйелі саясаттың жарқын көрінісі. Осы жолда ұлт болып ұйысып, Президентіміз белгілеп берген стратегиялық міндеттерді орындауға белсенді атсалысамыз деп сенемін. 

Сенат төрағасы Қызылорда қаласындағы «Сыр жұлдыздары» инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысты. Осы жерде өңір жастарымен кездесіп, еркін пікір алмасты. Өңірдің креативті жастарымен кездесуде үздіксіз даму, цифрлық сауаттылықты арттыру және озық технологияларды игеру жөнінде кеңінен сөз болды.